26/11/2024

Кредиттер сомасын шектеу практикасы әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді

Мәселен, АҚШ-та арнайы құрал – «кредиттік желі» қолданылады. Банк қарыз алушының ықтимал кірісін бағалайды және әдетте 5 жылдағы ықтимал табыстан аспайтын лимитті белгілейді.

Көршілес Ресейде банктер кепіл алу негізінде 30 млн рубльге (шамамен 160 млн теңге) дейін бере алады. Ал МҚҰ кепіл болған кезде жеке тұлғаларға небәрі 1 млн рубльге (5,2 млн теңге) дейін және заңды тұлғаларға 5 млн рубльге (26 млн теңге) дейін береді.

Әрине, кредит сомасы бойынша заңнамалық шектеулер қойылмайтын елдер де бар. Бірақ ол уақытта мұндай шектеулерді әдетте кредиторлардың өздері, яғни өздеріне тәуекелдерді қабылдағысы келмейтін банктер мен МҚҰ енгізеді.

Ал Қазақстанда шектеулерді ірі сомаға кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруді тежеу және азаматтардың борыш жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін енгізді.

Барлық жаңа өзгерістер ресми түрде тіркелді — Агенттік Басқармасының «Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2024 жылғы 16 тамыздағы № 61 қаулысы қабылданды.

Қаулы Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 19 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін қабылданды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар