Түркістан өңірінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын аудан, қалаларда кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуілді.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-ның басшылық құрамы қызметкерлерінен құралған жұмысшы топ аудандарда кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін алаңдатқан сауалдарды жауапты мамандарға қойып, тиісті жауаптарын алды. Оларға кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен қаржылай қолдау тетіктері таныстырылды.
Кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары мынадай:
* Мемлекеттік гранттар мен субсидиялар – жас және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қайтарымсыз қаржы алу мүмкіндігі.
* Жеңілдетілген несие беру – «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алу.
* Кепілдік беру және қаржылық қолдау – «Даму» қоры арқылы несие кепілдігін алу.
* Кәсіпкерлік негіздерін оқыту – «Bastau Business» жобасы арқылы бизнес-жоспар жасау және кәсіпті тиімді жүргізу бойынша білім алу.
* Инфрақұрылымдық қолдау – өндірістік аймақтар мен индустриалды парктерде жеңілдетілген шарттармен жұмыс істеу мүмкіндігі.
* Экспортты қолдау – сыртқы нарыққа шығуға көмек көрсету және логистика шығындарын субсидиялау.
Жиын барысында кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызмет көрсету салаларындағы өзекті мәселелерін көтеріп, сала мамандарынан нақты жауап алды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, мемлекеттік тапсырыстарға қатысу және жер телімдерін рәсімдеу тақырыптары қызу талқыланды.
Кәсіпкерлер мен шаруалар үшін мұндай кездесулер бизнесті дамытуда өте маңызды. Басқарма өкілдері өңірдегі кәсіпкерлікті өркендету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.