Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабыланбек ауылдық округінің Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» балаларды жазғы сауықтыру орталығына арнайы барып, жөндеу жұмыстарының барысын танысты.
Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ә.Адеевке жұмыс қарқынын күшейтуді, мерзімінде аяқтауды ескертті.
Сауықтыру орталығы 5 маусым-18 тамыз аралығында 7 ауысымда балаларды қабылдайды. Әр ауысымның ұзақтығы – 10 күн.
