ЦИФРЛЫҚ ХҚКО: ҚҰЖАТТАРДЫ ҮЙГЕ ЖЕТКІЗІП БЕРЕДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін инновациялық шешімдерді енгізуді жалғастыруда. Осындай жаңалықтардың бірі — Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) қолжетімді дайын құжаттарды курьермен жеткізу. Бұл сервис «Халыққа қызмет көрсету бөлімінің менеджері» пилоттық жобасы аясында іске асырылды және Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде белсенді қолданылады.

Мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш берген азаматтардың енді ХҚКО-ға қайта бару қажеттілігі туралы алаңдамауына болады. Өтініш берген кезде орталық қызметкері дайын құжатты көрсетілген мекенжайға жеткізуді ұсынады. Ол үшін қажетті деректерді көрсетіп, екінші деңгейдегі банктің мобильді қосымшасының көмегімен QR-код арқылы қызметке ақы төлеу жеткілікті. Жеткізу құны небәрі 1990 теңгені құрайды, бұл сервисті азаматтардың кеңінен қолдануы үшін қолжетімді етеді.

Курьерлік жеткізу мемлекеттік қызметтің 15 түрі бойынша ұсынылады. Оларға мыналар жатады: баланың туу туралы куәлігін, некені бұзу туралы куәлікті, туу туралы, некені жасасу және бұзу, қайтыс болу туралы қайталама куәліктер мен мұрағаттық анықтамаларды алу, сондай-ақ білімі туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру және ресми құжаттарға апостиль қою.

Айта кету керек, жеткізілімге тек ХҚКО-ға өтініш берген кезде ғана тапсырыс беруге болады.

Құжаттар дайын болғанда азаматқа 1414-тен бірегей коды бар SMS-хабарлама жіберіледі. Әрі қарай курьер жеткізудің нақты уақытын анықтау үшін көрсетілетін қызметті алушымен байланысады. Жеткізу кезінде курьер жеке куәлік пен растау коды бойынша сәйкестендіруді жүргізеді.

Сонымен қатар, жеткізу мәртебесін «ХҚКО» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) «Құжаттарды жеткізу» тетігі бойынша бақылауға болады. Қосымшада ЖСН және телефон нөмірі бойынша авторизация жасалады.

Осылайша, жаңа сервисті енгізу ыңғайлылықты арттырады және құпиялылықты қамтамасыз етеді, осылайша азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайта бармай-ақ құжаттарды алуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар