26/11/2024

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ЖАСТАРҒА!

Жас мамандар – Қазақстанның болашағы. Дәл осылар еңбек нарығында сұранысқа ие болуы тиіс. Сондықтан жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі өзектілігін жойған емес. Осы орайда ел Үкіметі жастарды жұмыспен қамтуға қатысты бірқатар бағдарламаларды қолға алған. Алайда, жастардың көбі мемлекеттік бағдарламалар туралы біле бермейді.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаға қарасты “Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Абай аудандық «Мансап орталығының» мамандары бірлесе отырып, «Авто нұр» базарында халыққа мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттандыру барысында жастарды жұмысқа орналастыруға арналған тиімді мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері, сондай-ақ Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы туралы толыққанды ақпарат берілді.

Іс-шараға қатысушыларға арнайы жадынамалық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан кеңестер ұсынылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы аумағында 14-35 жас аралығында 381 796 жас бар. Бұл жалпы қала тұрғындарының 32%-ын құрайды. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Шымкент қаласы тұрғындарының саны  1 246 700-ге жеткен.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар