26/11/2024

МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН!

25 қазан – Республика күніне орай Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері басқосып, «Менің елім – Қазақстан!» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді.

«Ассамблея жастары» ұйымы қалалық өкілдігінің жетекшісі Н.Мейірбековтың жетекшілігімен өткен жиында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары Қ.Анарбаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Достық» клубының жетекшісі Г.Сейдахметова, «Қазақстан неміс жастары одағы» төрағасының орынбасары А.Дрейлинг сөз сөйлеп, Республика күнінің мән-маңызы мен еліміздің егемендік жылдары қол жеткізген табыстары туралы айтты.
– Республика дегеніміз сіздер мен біздер. Осыны Қазақстанда тұратын баршамыз ұғынуымыз керек. Бұл мерекеде біз ортақ тарихымызды таразылап, кеткен кемшіліктерді саралау арқылы келешекке бағыт ұстауымыз керек.
«Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос», деп хакім Абай тек қазақтарға айтқан жоқ. Бір елде, бір жерде, бір мемлекетте тұрған соң біз бірігіп, егемен еліміздің игілігі үшін адал еңбек етуіміз керек, – деді Қайрат Сапарханұлы.
Айта кетейік, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданды.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен бұл күн Ұлттық мерекелер қатарына қосылып, кең көлемде тойланып келеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар