ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Ордабасы ауданында әлеуметтік маңызы бар 11 бағытта қатынайтын 13 жаңа қоғамдық көлік сатып алынған болатын. Осы ретте көліктердің алтауы табыс етіліп, қалғаны қажетті құрылғылармен жабдықтау мақсатында кейінге қалдырылған. Отандық көліктер заманауи талаптарға сай жабдықталып, жолаушылардың талаптары толықтай қамтылған. Мұздатқыш және желдеткіш жүйелері, ыңғайлы орындықтары және қауіпсіздік белбеулері бар.

Көліктер заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол жүру ережелерін сақтау, такси тұрақжайларды реттеуге бағытталған. Сондай-ақ, ауданішілік және ауданаралық, қалааралық бағыттарда жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер мен жеке такси жүргізушілерінің көліктерінің техникалық қауіпсіздігі, жол жүру ережелері мен жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қолға алынған.

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар