ОРДАБАСЫЛЫҚ ЖАС БАЛУАНДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Қызылорда қаласында қазақ күресінен 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Ордабасы аудандық ұлттық спорт клубының шәкірттері облыс намысын абыроймен қорғады. Тартысты бәсекеде кілең мықтылармен белдескен жас өрендер жоғары нәтиже көрсетіп, ел біріншілігінің жүлдегері атанды.

Атап айтқанда, 42 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділжан Темірәлі қола жүлдені иеленсе, 55 келі салмақта өнер көрсеткен Ермек Темірәлі ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Жас балуандардың бұл жеңісі – аудан спортының әлеуеті мен бапкерлердің қажырлы еңбегінің айқын көрінісі.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар