Қазақстан нарығында шетелдік көрпе-төсектің түр-түрі бар. Кентау қаласының тұрғыны Ажар Қалдыбаева бұл бағытта бәсекелестік жоғары болуына қарамай, өзінің көрпе-төсек тігетін өндіріс орнын ашты. Тігін цехын ол «”TÚRKISTAN” кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» қаржылық қолдауы мен кәсіби көмегінің арқасында ашып отыр. Мұнда матрацтар мен көрпелер тігіледі.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында кәсіпкер «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 8,5 миллион теңге сомасында өте тиімді шарттармен – жылдық 2,5 пайызбен бес жыл мерзімге жеңілдетілген несие алды. Орталық мамандарының қажетті құжаттар пакетін дайындауға және жинауға жан-жақты қолдау көрсетуінің арқасында қаржыландыруды алу процесі айтарлықтай жеңілдетілді.
«”TÚRKISTAN” кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы”» аймақтағы шағын және орта бизнесті белсенді түрде қолдауды жалғастыруда, жеңілдікті қаржылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді және бизнесті дамытудың барлық кезеңдерінде консультациялық қолдау көрсетеді.