ОТАНСҮЙГІШТІК ІСПЕН ӨЛШЕНЕР: АРЫС ЖАСТАРЫНЫҢ ҚАЛА КҮНІНЕ ТАРТУЫ

Ел болашағын жарқын етіп қалыптастыру жолында қоғамдық белсенділік пен ортақ мүддеге деген жанашырлық ерекше маңызға ие. Осы орайда Арыс қаласының жастары мен еріктілері туған жердің көркеюіне өлшеусіз үлес қосып, патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетіп жүр. Қала күніне орай ұйымдастырылған ауқымды сенбілік шарасы осының айқын дәлелі болды.

Мереке қарсаңында өткен бұл игі іске Арыс қаласы Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен «Руханият орталығының» белсенділері ерекше ынтамен қатысты. Олар қала аумағын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы туған шаһардың келбетейін жаңартты. Мұндай іс-шаралар тек қаланың экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың бірлік пен ынтымақ рухын нығайта түсетіні сөзсіз.

«Туған қаланың тазалығы – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі» деген қағиданы ұстанған жастар бұл қадамдары арқылы өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп отыр. Тазалық – мәдениеттіліктің басты айнасы екені белгілі. Әрбір тазартылған көше, күтіп бапталған көрікті аула мен жасыл желекке оранған скверлер – туған қалаға деген шексіз сүйіспеншілік пен азаматтық борыштың шынайы көрінісі. Арыстық белсенділер мен еріктілердің бұл еңбегі әрбір тұрғынның туған жерге деген жанашырлығын оятып, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға жол ашады.

Қаламыздың өсіп-өркендеуі жолында атқарылып жатқан мұндай игі істер әрбір саналы азаматтың жүрегінен орын тауып, ортақ үйімізді көркейтуге деген құлшынысты арттыра түседі. Туған жерге тағзым ету тек сөзбен емес, нақты іспен, күнделікті адал еңбек пен қамқорлықпен өлшенетінін арыстық жастар өз іс-әрекеттерімен дәлелдеп келеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар