31 мамыр күні Отырар ауданында Көксарай ауылдық округінің әкімін сайлау өткен болатын. Жергілікті тұрғындар өз таңдауларын тікелей және жасырын дауыс беру арқылы білдіріп, демократиялық құндылықтарға сүйенген ашық дауыс беру рәсімін жүзеге асырды.
Сайлау қорытындысы бойынша Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ресми шешімімен Көксарай ауылдық округінің әкімі болып Әлімжан Қалмұратұлы сайланды. Бұл жаңа басшылықтың алдағы жұмысына деген халықтың сенімін білдіретін маңызды қадам болып табылады.
Қазіргі таңда аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Көксарай ауылына барып, жаңадан сайланған әкімді тұрғындармен таныстырды. Іс-шара барысында аудан басшысы Әлімжан Қалмұратұлын құттықтап, оның алдағы қызметіне зор табыс тіледі. Сонымен қатар, Қайрат Жолдыбайұлы жаңа әкімге халықпен тығыз байланыс орнату, ауызбіршілік пен өзара түсіністікті негізге ала отырып, жұмыстың тиімділігін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
