Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы мен Shymkent Hub-тың ұйымдастырумен Pizza Pitch іс-шарасы қтті. Мұнда Шымкент қаласындағы дамып келе жатқан IT startup-тарының жобалары таныстырылды. Pizza Pitch-ке қатысу үшін 10 стартап жоба авторларынан өтініш түсті.
Pizza Pitch — жас инноваторлармен өзара қарым-қатынас орнатудың жарқын және тиімді форматтарының бірі. Мұнда жастар пиццадан дәм татып қана қоймай, қысқа ғана уақытта өз жобаларын таныстырып үлгеруі тиіс.
Бұл іс-шараның мақсаты — жобаларды таныстыруға мүмкіндік беру ғана емес, сонымен қатар экожүйенің дамуына ықпал ете отырып, оларды одан әрі ілгерілетуге көмектесу.
Shymkent Hub-тың аймақтық менеджері Құрманғазы Мұратовтың мәлімдеуінше, қатысушылардың жасына шектеу болмаған. Оларға бір ғана қарапайым талап қойылған: Pizza Pitch-ке қатысу үшін идеямен келу керек.
Құрманғазы Мұратовтың айтуынша, осы іс-шараны өткізуге Dodo pizza, Evrika және Red Bull компаниясы қолдау білдірген.
Іс-шараға қатысу үшін тағы бір маңызды шарт — жобалар IT саласына қатысты болуы керек.
Ұсынылған жобалардың ішінде коммерциялық және әлеуметтік бастамалар болды. Нәтижесінде үш жоба стартап-жобалар конкурсының жеңімпазы атанды:
Robodog жобасы — Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жасаған Қазақстандағы алғашқы роботобака. Бұл көру қабілеті бұзылған адамдарға көмектесуге арналған әлеуметтік жоба.
Prect Cyber Briks жобасы. Орталық Азия инновациялық университетінің жастары церебральды сал ауруы бар балаларды оңалту үшін интерактивті ходунок жасау жобасын ұсынды.
Intelab жобасы да стартап-жобалар байқауының жүлдегерлері атанды. Бұл цифрлық даму мен өсуге арналған білім беру платформасы. Оны шымкенттік әдіскер Шохноз Халметова онлайн курстарын құру бойынша әзірлеген.
«Үшеуі де — коммерциялық емес, әлеуметтік жоба. Мысалы, бірінші робот-гид жасау жобасы. Елімізде заағип жандардан гөрі, көзі сау адамдар көп. Коммерциялық мақсатқа сай болу тұрғысынан көзі сау адамдардың қажеттіліктеріне назар аудару қисынды болар еді. Осылайша сіз көп ақша таба аласыз. Бірақ жігіттер зағип адамдарға көмектесуге бел буып, басқа жолмен жүрді. Мектеп оқушыларының мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге ұмтылатыны керемет. Біздің алғашқы Pizza Pitch сәтті өтті және болашақта стартаперлермен байланысты нығайту үшін осы форматта кездесулерді жиі өткізіп тұруға ниеттіміз”, — дейді Құрманғазы Мұратов.