26/11/2024

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: 44 ЖОБА МАЛ ЖӘНЕ ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БЕРІЛДІ

Жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бір жолы – азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру. Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беріліп келеді. Биыл Шымкентте 426 адамға грант беру жоспарланып, комиссияның шешімімен 428 адамның бизнес-жобасы мақұлданып,  қайтарымсыз грант берілді.

Комиссия құрамында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері, журналистер, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және кәсіпкерлер болды.

Комиссия мақұлдаған бизнес-жобалардың 44-і – мал және құс шаруашылығы, 100-і – қызмет көрсету салалары, 56 жоба – кондитер және нан өнімдері, 84-і – тігін, 31 жоба – жартылай фабрикаттар, 8-і – жиһаз өндірісі, 62 жоба –өндіріс саласы,  43-і – қоғамдық тамақтану орындары.

Қайтарымсыз грант көлемі 400 айлық есептік көрсеткішті – 1 476 800 теңгені құрайды. Бұл қаржыны несие өтеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсауға болмайды.

NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар