Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Еңбек мобильділігі орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысын жариялады.
Шымкент қаласында жыл басынан бері субсидияланатын жұмыс орындарына 6720 азамат жолданған. Мониторинг жұмыстарына сәйкес, 2300 азамат белгісіз себептермен жұмыс орнында болмаған. Осыған байланысты олар жұмыстан шығарылды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған азаматтарға «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізу барысында 553 азамат жұмыстан шығарылды. Яғни олар Кірістер басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген немесе басқа мекемелерден зейнетақы жарналары аударылып отырған. Жалпы мониторинг жүргізу барысында 2853 азамат жұмыстан шығарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мамандары мемлкеттік грант бойынша да тексеру жүргізді.
2023 жылы 452 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алды. Оның ішінде 141 азаматтың грант қаражатын мақсатсыз жұмсағандығы анықталып, сотқа талап арыз жолданды. Бүгінгі таңда 5 азамат алған қаржыны өз еркімен қайтарған, 114 азаматқа соттың шешімі шығып, қаржы кері қайтарылуда. Сонымен қатар Еңбек мобильдігі орталығына 7 азамат бөліп төлеу арқылы қаржыны қайтаруда, 15 азаматтың құжаты сот қарауында жатыр.
Жалпы бүгінгі таңдамемлекеттік грант алушылардан 22 555 348 теңге қайтарылды.
Қайтарымсыз грантты игеруді растаудың көрсетілген мерзімі өткенге дейін 12 грант алушы жеке кәсіпкерлігін жауып үлгерген. Осы 12 тұлғаға қатысты тексеру жүргізіліп, 10 азаматқа қатысты сот шешімдері шыққан, 1 азамат Еңбек мобильдігі орталығымен қаржыны бөліп төлеуге келісімге келген. Ал, 1 грант иесі қаражатты толығымен қайтарған.
Мемлекеттік қайтарымсыз грантты конкурстан ұтып алып, мақсатты пайдаланбайтындар бар. Мәселен, 2022 жылы 148 азамат 159,9 млн.теңге грант қаржысын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Олардың мәселесі бойынша сотқа талап-арыздар жіберілген. Қазіргі уақытта мемлекет кірісіне 22,2 млн. теңге өндірілді, қалған 137,6млн. теңге сот орындаушылар палатасының өндірісінде жатыр.
Қайтарымсыз грантты алуын алып, бірақ грант қаржысын игеріп үлгермей жеке кәсіпкерлігін мерзімінен бұрын жапқан 57 азамат анықталған. Аталған азаматтарға қатысты Еңбек мобильдігі орталығы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттен бөлінген қаражаттарды қайтару жұмыстары жүргізіледі.
2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыс орнынан және медициналық мекемеден жалған анықтама өткізген 94 азамат анықталды. Бүгінгі таңда 94 азаматқа қатысты АӘК тағайындалған қаражатын, жалпы сомасы 23,9 млн.теңгені қайтару мақсатында сотқа талапарыздар жолданды. Оның ішінде 9,2 млн.теңге мемлекет кірісіне өндірілді, қалған 14,8 млн.теңге Шымкент қалалсының сот орындаушылар палатасының өндірісінде.
NARKESKEN.KZ