26/11/2024

QAMQOR ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ!

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған «Qamqor» жаңа өңірлік бағдарламасының жаңа кезеңі басталды. Өтінімдерді қабылдау otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында 30.09.2024 сағат 16:00 — 28.11.2024 жылы сағат 18:00 дейін жалғасады.

Бағдарламаға БАҚ қызметкерлері, журналистер, медицина, білім, мәдениет, спорт, энергетика салаларының мамандары, халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады. Сондай-ақ өрт сөндіруші және құтқарушылардың да бұл бағдарламаға қатысып, баспаналы болуға мүмкіндіктері бар.

«QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

1. 20 000 000 теңгеге дейін несие соммасы;
2. Пайыздық мөлшерлеме -6%(ЖТСМ 6,4% бастап 6,9% дейін);
3. 10% бастапқы жарна;
4. Несие мерзімі 25 жылға дейін;
5. Шымкент қаласындағы бірінші нарықтағы тұрғын үй.

БАҒДАРЛАМАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?

  1. Қатысушының жасы өтініш берген сәтті қоса алғанда 63 жастан аспауы керек.
  2. Үміткердің және оның отбасы мүшелерiнiң соңғы 5 жылда Қазақстан аумағында жеке меншiк құқығындағы тұрғынжайы болмауы қажет.
  3. Соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұруы талап етіледі.
  4. Шымкент қаласында таңдаған саласы бойынша соңғы 12 айдан кем емес жұмыс өтілі болуға тиіс.
  5. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда қарыз алушының жауапкершілігі және Банктің құқықтары туралы ақпарат банктің ресми сайтында www.hcsbk.kz орналастырылған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар