26/11/2024

Қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы энергетика министрлерінің 4-ші отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бастаған қазақстандық делегация Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер энергетика министрлерінің төртінші отырысына қатысты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Отырыс барысында қатысушылар ТМҰ елдерінің энергетикалық саясатындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын қарады.

Сұңғат Есімханов атап өткендей, ТМҰ энергетика министрлерінің кездесуі турбулентті әлемдік оқиғаларды ескере отырып, қатысушы елдер үшін энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін тұрақты дәстүрге айналып келеді.

«Әрине, түркі әлемінің мәдени, экономикалық, гуманитарлық хабқа, сондай-ақ энергетика саласындағы сындарлы диалогты дамыту үшін табысты диалог алаңына айналу мүмкіндігіне ие. Бүгін біз ТМҰ-ға мүше барлық мемлекеттермен және бақылаушылармен екіжақты және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты жоспарлы түрде дамытып жатырмыз»,- деп атап өтті Вице-министр.

Кездесуде қазба отындары мен таза энергия көздерініңбірін-бірі толықтыратын артықшылықтарын пайдалану, экспорттық әлеуетті арттыру және жаһандық өндірістік-өткізу тізбегінің сенімділігі мен үздіксіз жұмыс істеуінқамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық тарап жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, жасыл сутекті өндіру және сақтау бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ атом өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға серпін беру қажеттігін атап өтті.

«Бүгінгі таңда атом өнеркәсібі Қазақстанның энергетикалық секторын дамытудың перспективалы векторларының бірі ретінде көрінеді, оның ішінде қазақстандық мамандардың ғылыми әлеуетін арттыруғаықпал етуге қабілетті. Осыған байланысты біз осы саладағы жобаларды іске асыратын елдермен, атапайтқанда Түркия мен Венгриямен тәжірибе алмасуға мүдделіміз», — деп атап өтті С.Есімханов.

Отырыс барысында ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын сипаттайтын Бірлескен коммюникеге қол қойылды.

Сонымен қатар, вице-министр ТМҰ-ның кейбір елдерімен екіжақты кездесулер өткізді, оның барысында бірлескен қолданыстағы және болашақ жобалардың перспективалары талқыланды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар