Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылдық кітапханасы өңірдегі рухани-ағартушылық жұмыстарды жаңа сапалы деңгейге көтеріп, игі дәстүрді жалғастыруда. Стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету аясында кітапхана қызметкері арнайы бағытпен қарт оқырман Халия Сайлауованың үйіне барып, рухани сый-сияпат жасады. Денсаулығына немесе жағдайына байланысты кітапханаға өздігінен келе алмайтын ардагер апаға көркем әдебиеттер мен оқырмандар арасында сұранысқа ие мерзімді басылымдар жеткізілді.
Арнайы ұйымдастырылған бұл сапар жай ғана кітап таратумен шектелмей, екі ұрпақ арасындағы жылы пікіралмасуға ұласты. Кітапханашы оқырманның жеке талғамы мен сұранысына терең үңіле отырып, жарық көрген жаңа әдебиеттерге қысқаша шолу жасады және республикалық басылымдардағы өзекті мақалалардың мазмұнымен таныстырды. Өз кезегінде Халия апа кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп, рухани қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Аталмыш бастаманың түпкі мақсаты — кітап сүйер қауымды, әсіресе ардагерлер мен қарттарды әдебиеттен қол үзбеуге жағдай жасау, олардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізуге ықпал ету. Сонымен қатар бұл шара кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, кітапхана мен оқырман арасындағы тығыз әрі үзілмес рухани байланысты нығайта түспек. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, кітаптың қадірін биік ұстаған бұл игі іс алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
