26/11/2024

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңына ғимарат салуға болмайды

ҚР Парламентінің Мәжілісіне «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылды. Заң жобасы 4 тараудан және 15 баптан тұрады.

Заң жобасының негізгі новеллалары:

  1. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру;
  2. Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлерінің шығындардың бір бөлігін бюджеттен өтеу;
  3. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау. Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан 100 метр қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін объектілер салуға жол берілмейді;
  4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ЮНЕСКО-мен келісім бойынша Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында жаңа құрылыс жұмыстарын жоспарлау кезінде қала құрылысы жобалары бойынша жаңа құзырет беру.
  5. Мемлекеттік әлеуметтік объектілерді салу үшін жеке құрылыс салушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын алу және беру бойынша Түркістан қаласы әкімдігіне құзырет беру.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар