Шымкентте 17-19 қыркүйек аралығында өткен “Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы аясында С.Ерубаев атындағы №24 IT-мектеп лицейінде буллинг пен есірткіге қарсы күрес мәселелеріне арналған іс-шара өтті. Оған 500-ге жуық оқушы қатысты.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың, қорқыту және нашақорлық жағдайларының алдын алу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар заң бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы түсіндірілді.