Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ҚР «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» мерекелік іс-шарасы өтуде. Салтанатты жиында қайта өңдеу бағытын дамытуда озат аудан ретінде Сайрам ауданы танылып, аудан әкімі Мадияр Оразалиев арнайы марапатқа ие болды. Бұл марапат Сайрам ауданының өңдеу өнеркәсібін дамытудағы табыстары мен жетістіктерін мойындаудың айқын көрінісі.
Биыл Сайрам ауданында қайта өңдеу саласына тартылған инвестиция көлемі 9,1 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артқан.


Мұндай қарқынды өсім аудан экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын және өңдеу өнеркәсібі әлеуетінің артып жатқанын дәлелдейді.
Сайрам ауданының өңдеу өнеркәсібін дамытудағы жетістіктері ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс орындарын құру арқылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосуда. Инвестициялардың өсуі өңдеу саласындағы инновациялық жобаларды іске асыруға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.
