ШАРДАРА: САЙЛАУ ПРОЦЕСТЕРІН ҮЙЛЕСТІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен комиссия мүшелеріне арналған арнайы оқыту семинары өтті. Іс-шара алдағы уақытта өтетін Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына жан-жақты дайындық жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Кошалиев қатысушыларға сайлау комиссияларының негізгі міндеттері мен жауапкершіліктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол сайлау процесінің заң талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, комиссия мүшелерінің алдағы сайлау науқанына дайындығын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді түсіндірді.

Төраға атап өткендей, сайлау комиссияларының басты міндеттерінің бірі – учаскелік комиссиялардың қызметін үйлестіру. Бұл сайлау учаскелерінің тиімді және үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, сайлау учаскелерін қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз ету мәселесі де ерекше назарда болды.

Дауыс беру процесінің заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету – комиссия мүшелерінің тағы бір маңызды міндеті. Бұл бағытта байқаушылар мен дауыс беру процесіне қатысушылардың құқықтарын сақтау, олардың заңды мүдделерін қорғау мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, дауыс беру қорытындыларын жинақтау және өңдеу жұмыстарының тәртібі мен ерекшеліктері де семинар барысында егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар