Елімізде әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары екені, олардың қатарында еңбекке қабілетті жастағы әйелдердің көптігі және бұл көрсеткіштің алдағы уақытта 2000 жылдардан кейін туылған жас ұрпақ есебінен күрт өсуі мүмкіндігі әйелдерді жұмысқа тарту шараларына ерекше назар аудару керек екенін көрсетіп отыр.
Осыған байланысты өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамту қарастырылып, белсенді жүзеге асырылуда. Шымкент қаласында 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Еңбек мобильділігі орталығының «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 40 381 әйел қатысты. Соның ішінде 16502 әйел белсенді шараларға тартылған.
Бұл ретте жастарға көп көңіл бөлінуде. Биылғы 10 айда Шымкент қаласында оқу орнын бітірген 2381 жас қыз мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орныдарына жіберіліп, еңбек жолын бастады. Атап айтқанда, 1649 қыз – «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша, 732 жас қыз – «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен жұмыспен қамтылған.
Мемлекеттік қолдаудың тағы бір маңызды шарасы – оқыту, содан кейін жұмысқа орналасу немесе өз ісін ашуға мүмкіндік жасау. Жыл басынан бергі 10 айда 3980 әйел өз қалауы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша курстардан өтті. Оның ішінде 1689 әйел skills.enbek.kz/kk платформасында талап етілетін дағдырлар арқылы онлайн-оқытылса, 2291 әйел business.enbek.kz «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқуға (онлайн платформа арқылы) тіркелген. Оқыту қорытындысы бойынша комиссияның шешіміне сай, 347 әйелге осал топтарға арналған 400 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
Сонымен қатар, 408 жұмыссыз әйел жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдандса, 118 әйел жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытуға жолданды.
Жыл басынан бергі 10 айда 93 әйел — әлеуметтік жұмыс орындарына, 1420 әйел — қоғамдық жұмыс орнына жолданды,
Сондай-ақ, 16 әйел — «Ұрпақтар келісім шарты» жобасымен; 502 әйел — зейнет жасы алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасымен жұмысқа орналасқан. 7237 әйел бос жұмыс орындарына жолданған.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 315,5 мың әйел, оның ішінде 165,5 мың ауыл әйелдері қамтылды.
Жыл басынан бері жалпы 239,9 мың әйел жұмыспен қамтылды, оның ішінде 131,3 мыңы тұрақты жұмысқа, 108,6 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналастырылды, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 45%-дан астамын құрайды,
Әйелдерді жұмыспен қамту мәселесі жүйелі тәсілді және еңбек нарығында тең мүмкіндіктерді талап етеді, бұл әйелдердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға және олардың ел экономикасына қосқан үлесін арттыруға көмектеседі.