Шымкентте жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында тұжырымдамалар, даму бағдарламасы жасалып, жаңа жұмыс орындарын құру көзделген.
Мегаполисте осы мақсатта 2024 жылға бес тұжырымдама және Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары іске асырылуда. Осының шеңберінде 113 жоба қолға алынып, 3 140 жаңа жұмыс орындары құрылып, азаматтардың жұмысқа орналасуы тиіс. Жыл басынан бері нақты құрылғаны – 819 орын.
– Осы 3 140 жұмыс орнының басым бөлігі, яғни 69%-ы – білім саласындағы 12 «Жайлы мектеп» бойынша құрылатын 2 164 жұмыс орны. 12 «Жайлы мектептің» екеуі осы жылдың 16 қыркүйегінде, 2 мектеп – 30 қыркүйекте, 7 мектеп –31 қазанда, 1 мектеп 2025 жылдың 1 тоқсанында қолданысқа беріледі, – дейді Жанат Өмірсейітқызы.
Осыған орай, қолданысқа берілетін 11 мектепке жұмысқа қабылданатын азаматтар «Еnbek.kz» порталы, яғни Мансап орталығының жолдамасымен қабылданған жағдайда, белгіленген көрсеткіш толық орындалады.
NARKESKEN.KZ