26/11/2024

ШЫМКЕНТ: АӘК АЛАТЫНДАРДЫҢ 265-І ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Бұл орайда аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлем  төлеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, грант беруге және тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Шымкентте 2024 жылдың  1 қарашасындағы жағдай бойынша, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген  8 511 (2023 жылы — 12 108)  отбасыдан 44 341  (2023ж. – 61 605) адамға төлем жасалды.

Қаламыздағы халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға азайып отыр.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70%-ы деңгейінде немесе 2024 жылдың ІІI тоқсанына орта есеппен 36 637 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Шымкентте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 12 482 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде 7 369 азаматтың  жүгіну кезінде жұмысы болған.

Биылғы 10 айда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан 436 азамат нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Атап айтсақ, 265 — тұрақты жұмыс орындарына,  48 адам — қоғамдық жұмыстарға орналасты. Осы отбасылардан 15 жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа орналасты. 17 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан.  46 адам кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға қатысқан.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар