26/11/2024

ШЫМКЕНТ: БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Елімізде қыркүйектің үшінші жексенбісі — «Еңбек күні» мерекесі . Мақсат – Мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясын жүзеге асыру, өнімді еңбекті ынталандыру.

Осыған орай Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастырыуымен «Еңбек күні» мерекесі аясында «Адал еңбек – адам көркі»атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.

Іс-шара 2024 жылы 27 қыркүйек күні сағат 16:00-де Арбат алаңында өтеді.
Мерекелік іс-шарада қаламыздың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосқан еңбек озаттарын марапаттау жоспарланып отыр.
Ал, жәрмеңкеде қала аумағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, денсаулық сақтау мен білім беру ұйымдарынан тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады.
Сондай-ақ, іс-шара аясында Мансап орталығы мамандары кеңес беріп, солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару және Enbek.kz порталымен жұмыс жасау бағыттары түсіндіріледі.

NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар