Шымкент қаласының Еңбекші ауданында 506 адам онлайн оқыту курстарында оқыса, 128 жұмыссыз азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына оқуға жолданған. Бұл туралы Еңбекші ауданы бойынша Мансап орталығының Оқыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімі мамандары мәлімдеді.
Айта кетейік, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн курстардан өте алады.
Портал келесі мамандықтар мен кәсіби салалар бойынша тегін курстар ұсынады:
— копирайтинг;
— дизайн (анимация, веб-дизайн, баспа дизайнері);
— автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру;
— жылыжай бизнесі (құлпынай, көкөніс, микрозелень, саңырауқұлақ, лимон, қызанақ өсіру);
— пішу және тігу;
— кассир;
— кондитерлік өнімдері;
— персоналды басқару (HR);
— фермер шаруашылығы (үй құстарын ұстау, ІҚМ, қоян, балық өсіру);
— ара шаруашылығы;
— сабын жасау;
— туризм саласындағы бизнес (қонақ үй бизнесі, туристік маршруттар, агротуризм, іскерлік туризм).
Ресурс мемлекеттік және орыс тілдерінде жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сайтта көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған нұсқа ұсынылған. Курстардан өту қорытындысы бойынша Сертификат беріледі.
Ескерте кетейік, онлайн курсқа қатысу үшін «Жұмыссыз» мәртебесі болуы қажет.