26/11/2024

ШЫМКЕНТ: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұдайы өтіп тұрады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді әдістерінің бірі. Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, ал жұмыс іздеушілер қысқа уақыт ішінде кадрларды іріктеуге мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, қызығушылық танытқан бос жұмыс орындарды таңдай алады және таңдап алған бос лауазымға өту үшін әңгімелесуден өте алады.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту – бұл әлеуметтік саясаттың маңызды аспектілерінің бірі. Ол мүгедектердің қоғамда тең мүмкіндіктер мен құқықтарға ие болуына ықпал етеді.

Шымкент қаласында биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланса, оның ішінде 1 368 мүгедектігі бар азаматты қатыстыру көзделген. Осы жылдың 14 тамыздағы мәліметке сәйкес, 762 ерекше жан жұмыспен қамту шараларына тартылды. Олар – 7 адам «Әлеуметтік жұмыс орындары», 20 адам «Жастар практикасына», 120 адам «Қоғамдық жұмыс» орындарына, 21 адам «Алғашқы жұмыс» орнына, зейнеткерлік жасқа дейінгі 34 адам «Күміс жас» жобасына, 261-і «Бастау-Бизнес» жобасы аясында онлайн платформада білім алса, 70 адам комиссияның шешімімен қайтарымсыз берілген, 229 адам бос орындарға тұрақты жұмысқа орналасты.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс калмауына бүгінде мемлекет тарапынан едәуір көніл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың әр Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қазақстанда кедергісіз орта кұру керектігін айтып, турлі жобаларды іске асыруды тапсырған болатын.  Міне, осы жұмыстар аясында алдағы уақытта жұмыспен камту және әлеуметтік корғау басқармасы ерекше жандарды жұмыска алатын мекемелермен тығыз жұмыс жасайтын болады. Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алатын мекемелер мен кәсіпорындар, сондай-ақ аталған басқармалар техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл жабдықтар мүгедектігі бар адамдардың жұмыс процесіне тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін қажет. Яғни, жұмыс беруші тұрақты жұмыс және жалақымен қамтамасыз етсе, техникалық құрал-жабдыктарды өздері жеткізіп береді.

Айта кетейік,  «Кедергісіз келешек» жобасын табысты іске асыру болып табылады, оның негізгі мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу.

Жоба негізгі төрт басымдықты құрайды: Бірінші басымдық – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құру. Екінші басымдық – инклюзивтік білім беруге жәрдемдесу, мұнда мәселе ең алдымен балалар туралы болып отыр. Үшінші басымдық-мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бетінше табыс тауып, өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмысқа орналасуға көмектесу. Төртінші басымдық-еліміздің осы саладағы заңнамасын жетілдіру.

Одан бөлек, қала әкімі Ғ.Сыздықбековтың 2023 жылғы 30 қарашадағы «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2024 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, 54 мекемеге 200 бос орынға квота белгіленген болатын.

Бүгінгі таңда, 39 мекемеге мүгедектігі бар 111 азамат жұмысқа орналастырған немесе 55,5% орындалды.

Мәселен, Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мекемесіне мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының 4 пайыздық мөлшерімен 10 адамды жұмыспен қамту бекітілген. Коммуналдық мекеменің штат саны 400 қызметкерді құрайды. Жыл басынан бері мұнда 14 мүгедектігі бар адам жұмысқа қабылданып отыр.

Мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамтыған келесі мекеме – «Диспетчерлік қызмет орталығы» мекемесі. Бұл жерде жұмыс орындары квотасының 2 % мөлшермен 1 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту бекітілген еді. Қазіргі сәтте орталық квота бойынша бір азаматша жұмысқа қабылдаған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар