26/11/2024

ШЫМКЕНТ: «СӘУЛЕ» МЕН ЗАБАДАМ ЖАСТАРЫНА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Президент өз Жолдауларында жастарды жан-жақты қолдау басты бағыттың бірі екенін ұдайы назарда ұстап келеді.

Жастарды жұмыспен қамту, әсіресе, өңірлерде аса өзекті өекті еенін айтқан Мемлекет басшысы: «Біз жұмыссыз жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруіміз керек. Олардың тұрақты кәсіп табуына көмектесуіміз қажет. Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Бірақ жастардың көбі сол шаралар туралы білмейді. Мемлекет ұсынып отырған түрлі қолдау жұмыстарынан хабарсыз», – деген болатын.   

Осы орайда Шымкентте ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары Еңбек мобильдігі орталығы қызметкерімен бірлесе қала орталығынан алыстау орналасқан «Сәуле» және Забадам елді мекендерін аралап, жастарды жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

Мұндағы мақсат – шалғай елді мекенде тұратын жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, бағыт-бағдар беру.

Мамандар жастарға «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісім шарты», әлеуметтік қоғамдық жұмыстар бағдарламалары мен кәсіп бастауға арналған жеңілдіктер, AQYL білім беру депозитін ашу үшін қажетті құжаттар, AQYL білім беру жинақтау депозитінің ерекшеліктері жайлы түсіндіріп,  жадынамалық парақшалар таратты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар