26/11/2024

ШЫМКЕНТ: ШҰЛЫҚ ФАБРИКАСЫ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласындағы Еңбек мобильділігі орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Alem BT»  ЖШС шұлық фабрикасының жұмысшылар қабылдайтыны туралы хабарландыру жарияланды.  Жұмысқа қабылданғандар түскі аспен және көлікпен алып кету қамтамасыз етіледі.  Айлығы 100-150 мың теңге аралығында. Жұмыс орны жылы және құрғақ.

Шұлық фабрикасы «Оңтүстік» арнаулы экономикалық аймағында орналасқан. Фабрика 2015 жылы ашылған.

Шымкент — республикалық маңызы бар қала, халық саны бойынша үшінші, Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Бұл елдегі ең ірі экономикалық орталықтардың бірі. Мұнда түрлі-түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің бірқатар кәсіпорындары шоғырланған. Соның ішінде «Әлем БТ» ЖШС өнімдерін шетелдерге экспортқа шығарып отырған ірі компаниялардың бірі.

«Алем БТ» ЖШС — Шымкент қаласындағы өз өндірісінде жоғары сапалы жабдықтарды пайдаланатын, «бизнес» және «эконом» санатты шұлық шығаратын ірі кәсіпорын. Фабриканың жалпы ауданы 12000 ш. м. құрайды және оның Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жылына 15 млн жұп шұлық Корей технологиясы бойынша шығарылады.

2017 жылдың маусым айынан бастап ребрендинг жасалып, «Әлем БТ» ЖШС бренді — «ALEM socks» болып шыға бастады.

Айта кетейік, Еңбек мобильділігі орталығы облыстық немесе республикалық маңызы бар қалалық деңгейде еңбек нарығын үйлестіретін және басқа өңірлермен өзара іс-қимыл жасайтын мекеме болып табылады.

Шымкент қаласында 2024 жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, 10 айдың қорытындысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталықтарының жүйелі жұмыстарының нәтижесінде  45 860 адам (80,5%) жұмысқа орналасқан.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар