Шымкентте 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы тәуекел тортарға тегін екпе егу басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу: вакцинация және дәрігерлердің ұсыныстары» тақырыбында өткен брифингте айтылды.
– 2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін «Гриппол Плюс» үшвалентті тұмауға қарсы вакцина, 150 мың доза Ресей мемлекетінде өндірілген «Петровакс Фармның» тривалентті инактивацияланған вакцина сатып алынды. Қазіргі уақытта вакцина Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына келіп түсті, қаланың медициналық ұйымдарына таратылуда. Бұл науқанға толық дайынбыз деп айта аламыз, – дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева.
Басқарма өкілінің айтуынша 2024 жылы 150 000 адамға тұмауға қарсы иммундау жоспарланған. Бұл жалпы халықтың 12,0 — 12,5 пайызын құрайды.
Тәуекел тобы деген: медицина қызметкерлерін, өмірдің алты айынан асқан жиі ауыратын балалар, білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметтерін алушылар, жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша адамдар, екінші немесе үшінші триместрдегі жүкті әйелдер.