Шымкент қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту мақсатында Мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту жөнінде бірқатар шара қабылдануда. Жергілікті атқарушы органдар ҚР Оқу-ағарту министрлігімен келісе отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда және жаңа жұмыс орындарын құрудың қадамдық жоспарларын бекітті.
Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, соның ішінде 23 342 жұмыс орны азаматтардың жеке бастамасымен құрылады. Жеке бастама деген – жекеменшік бала бақшалар, спорт кешендері, дәріханалар, басқа да қызмет көрсету саласындағы кәсіптер ашу.
Білім саласында жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін мектепке дейінгі ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы, тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы шешу көзделуде.
Шымкентте биыл балаларды 2 жастан бастап мектепке дейінгі біліммен қамту, жекеменшік балабақша есебінен санын арттыру бағытында мемлекеттік тапсырыс негізінде 3150 орынмен қамту жоспарланған. Яғни биыл 32 жекеменшік балабақшаны іске қосу жоспарланған.
32 балабақшаның 13-і сәуір айында ашылып, 117,3 млн теңге қаржыға 242 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Нәтижесінде, 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 86 387 баланың – 86,6%-ы (76 216 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылса, 2-6 жас аралығындағы 83 590 баланың 89,3% (74 661 бала) қамтылған.
Осы жылдың қыркүйегінде жекеменшік 14 балабақша қыркүйек айында ашылды. Желтоқсан айында 5 балабақша ашылады деп күтілуде. Жапы, 2024 жылы мектепке дейінгі 32 жекеменшік ұйым іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша барлығы 625 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 554-і –жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар.
Ал, 2023 жылы 30 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2 945 орынға мемлекеттік тапсырыс берілген.
Балаларды қамтуды кезең-кезеңімен ұлғайту мақсатында республика бойынша 2023–2027 жылдар аралығында 300 мыңға жуық, 2024 жылы 77 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Биыл жыл басынан бері республика бойынша 35,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда – 11 600 орын, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда – 25 600 орын.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алудың кезектілігі екі есеге төмендетілді. Бүгінгі таңда 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткішін 92,5%-ға жеткізуді жоспарланған.