ШЫМКЕНТТЕ 14 МИЛЛИОНҒА АФРИКАЛЫҚ ЗЕБРА САТЫП АЛУ ТЕНДЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Мемлекеттік сатып алу порталында ерекше қызық тендер жарияланды.  2025 жылғы 31 шілдеде Мемлекеттік сатып алу порталында «Тірі африкалық зебра» атауымен лот пайда болды. Ұйымдастырушы: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» МКҚК.

Хайуанаттар бағы жалпы сомасы 14 040 000 теңгеге 6 зебра (2 еркек, 4 ұрғашы) сатып алғысы келеді. Яғни, африкалық Чапман зебрасының біреуі 2 340 000 теңгеге бағаланған.

Аталған лоттың техникалық ерекшелігінде зебраның жасына қатысты мынадай талаптар бар: «Туған жылы: 2022 жыл.  Жасы: 1-ден 4 жасқа дейін».

Айта кетейік, «Тірі африкалық зебра» лоты Мемлекеттік сатып алу порталында жыл басынан бері төртінші рет – шілде айында төрт рет жарияланып отыр. Біріншісі – 1.07.2025 жылы, екіншісі – 11.07.2025 жылы, үшінші рет – 23.07.2025 жылы, төртіншісі – 31.07.2025 жылы. Алғашқы екі ретте  лот Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан тоқтатылған.  Үшінші рет сатып алу өтпей қалған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар