26/11/2024

ШЫМКЕНТТЕ 19 ҚАНДАС ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

«Шымкентте 2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша өзге елден қоныс аударған 19 қандас тұрақты жұмысқа орналасқан», деп хабарлайды Narkesken сайтының тілшісі Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрақты бос жұмыс орындары дегеніміз – мемлекеттік немесе жеке ұйымдарда ұзақ мерзімді жұмыс істеуге арналған, тұрақты жұмысқа қабылданатын қызмет орындары. Бұл жұмыс орындары бірқатар шарттарға негізделеді: қызметкерлер тұрақты жұмысқа қабылданып, белгілі бір міндеттерді орындауға жауапты болады, және олар жұмыстың негізгі кезеңі немесе жобасы аяқталған соң да жұмыста қалады.

Тұрақты бос жұмыс орындарына жоғары білім алған немесе арнайы дайындықтан өткен мамандар, қоғамдық және кәсіби талаптарға сәйкес тұлғалар, яғни белгілі бір біліктілік деңгейі мен тәжірибесі бар азаматтар жұмысқа қабылданады. Сонымен қтатар, жұмысқа тұру үшін арнайы конкурс немесе емтихан тапсыру арқылы да мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Мамандығы бойынша тәжірибесі мен дағдылары бар адамдар да  жұмыс орындарының талаптарына сәйкес келсе, тұрақты жұмысқа тұра алады.

Бұл жұмыс орындары тұрақты түрде ақы төленетін қызметтерді қамтиды, яғни еңбек келісімшартында белгіленген шарттар мен міндеттемелерге сәйкес жұмысшылар тұрақты түрде еңбек етеді. Тұрақты жұмыс орнын ұсынатын компаниялар мен ұйымдар әдетте қызметкерлерге әлеуметтік қорғау, еңбек демалысы және басқа да жеңілдіктерді ұсынады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына  бүгінгі таңға 114 қандас жүгінген. Олардың ішінен 58 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда, 19 адам тұрақты бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданған, 4 адам «Жастар практикасы» бағдарламасымен, 4 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 10 адам «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен, 1 адам «Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа орналасқан.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар