26/11/2024

ШЫМКЕНТТЕ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

«Шымкент қаласында күрделі жөндеуден кейін Әл-Фараби ауданының прокуратурасы ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қатысты» деп хабарлады Шымкент қаласы рокуратурасының баспасөз қызметі.

​Көптен күткен бұл оқиғамен ұжымды құттықтай отырып, ол прокуратура қызметкерлеріне жасалған жағдайлар азаматтардың игілігіне аянбай еңбек ету үшін арналған мемлекет пен қоғамның сенімінің несиесі екенін атап өтті. Әрбір қызметкер еңбек тәртібін қатаң сақтай отырып, міндеттерді адал және мұқият орындау қажеттілігін анық түсінуі кажет.

Қалада 5-ші ауданның құрылуына байланысты ғимарат прокуратураның есебіне берілді.

Ғимаратта 47 қызметтік бөлме, мәжіліс залы және жауап алу бөлмелері бар.

Ғимараттың материалдық-техникалық жабдықтары халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи талаптар мен стандарттарға толығымен сәйкес келеді.

Қала прокуроры Ғабит Мұқанов аудандық прокуратура қызметкерлерін құттықтап, ғимаратта азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар