ШЫМКЕНТТЕ БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА 55 ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтарға Асар-2 шағынауданынан 55 пәтердің кілті табысталды. Пәтерлерді беру рәсімі «Көрме» орталығында өтіп, оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Тұрғын үйлер кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру шарты негізінде ұсынылды. Жаңа пәтерлерге ие болғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, жесірлер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Бұл баспана беру тетігі азаматтарға пәтерді алдымен жалға алып тұрып, белгіленген шарттар негізінде кейіннен өз меншігіне сатып алуға мүмкіндік береді. Осылайша, отбасылар біртіндеп баспаналы болуға мүмкіндік алады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар