ТҰРАН АУДАНЫ: БАЗАРДАҒЫ ХАЛЫҚҚА ENBEK.KZ ЦИФРЛЫҚ АЛАҢЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының Тұран ауданы Мансап орталығының мамандары — Атырханов Ербосын мен Сүгір Ғазиз Көмешбұлақ базарына жиналған халыққа Enbek.kz цифрлық порталы арқылы жұмыс табу мүмкіндігі, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы  түсіндірді.

Мамандар жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Ерікті қоныс аудару», кәсіпкерлікке оқыту курстары және Enbek.kz порталы туралы толық ақпарат ұсынды.

– Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы адамзатты жаңа игіліктерге жетелеп, оң өзгерістерге бастады. Озық технологиялардың жетістігін пайдалану арқылы өмір сапасы, тұрмыс салты жеңілдей түсті. Мәселен, елімізде жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің байланысын жақсарту мақсатында бірқатар бастамалар қолға алынды. Сондай жобалардың бірі – электрондық еңбек биржасы. Бұл жоба қажетті жұмыс таба алмай табанынан таусылған талай жанға қуаныш сыйлап, білікті кадр іздеген бірқатар орталықтың да олжалы болуына өз септігін тигізіп отыр, – деп атап өтті мамандар.

Тұран ауданы Мансап орталығының мамандары жастарға аталған цифрлық алаңның жұмыс іздеушілер және жұмыс берушілер үшін де үшін жағымды тұстарын тәптіштеп түсіндірді.

Жұмыс іздеушілер үшін пайдалы тұсы: үйден шықпай-ақ, интернет арқылы өз резюмесін биржада жариялай алады, кәсіби бағдарлау сынағынан өте алады; жұмыс берушіден хабарлама алуға мүмкіндігі бар, уақыты үнемделеді, ыңғайлы форматта қызметтердің тізімін, бос вакансияларды көре алады.

Ал, жұмыс берушілер (компания немесе мекеме) үшін тиімділігі: маман іздеп, жұмыспен қамту орталықтарына бармайды, өйткені, қашықтықтан бос вакансияны жариялай алады; білікті кадрды таңдай алады; жұмыс іздеушілер базасына кіруге мүмкіндігі бар.

Кездесу барысында ақпараттық парақшалар таратылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар