ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 42,5 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 4 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түлкібас ауданында осы жылдың 5 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 29,9 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 15 млрд теңгеге жетіп, өсім 81,6 пайызды құрады. Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы 2,7 млрд. теңге немесе жоспар 116,9 пайызға артығымен орындалған. Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы мәлімдеді.

Өнеркәсіп – экономиканың қозғаушы драйвері екенін ескере келе, ауданда 2025 жылы жалпы инвестициялық құны 42,5 млрд. теңгені құрайтын 395 жаңа жұмыс орнымен 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.

– Туризм саласы бойынша ауданда 36 туристік нысан (3 қонақ үй, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақтар мен туристік базалар, 4 киелі аймақ) жұмыс істейді. 2025 жылдың 4 айында ауданға 5 670 турист келген. Сондай-ақ, 2025 жылы аймақта туризм саласы бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгелік 3 жоба іске аспақ.Сонымен қатар, Түлкібас ауданында өнім беріп тұрған 3062,0 гектар алма бауы бар. Оның 644 гектары –  қарқынды бау. Қарқынды бауды дамыту нәтижесінде былтыр 16 мың тонна өнім жиналды. Ағымдағы жылы осы көрсеткішті 20 мың тоннаға жеткізуді жоспарлануда, – деді аудан басшысы.

Бұдан бөлек денсаулық сақтау, білім, мәдениет, әлеуметтік салалардағы жобалар бойынша жұмыстар баяндалды.

Аудан әкімі А.Естібаевтың айтуынша, бүгінгі таңда ауданда 3251 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Үй кезегінде тұрған азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен қаржы қаралып, бүгінгі таңға 104 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 104 отбасы баспанамен қамтылды.

Баспасөз мәслихаты барысында аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 елді мекендегі жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын 18 көшенің жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған.

Брифинг соңында журналистер Түлкібас ауданының әкімі Асқар Сұлтанұлына бірнеше сауалдар қойды. Өз кезегінде аудан басшысы салаларды дамыту бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар