ТҮРКІСТАН: ӘУЕЖАЙ ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДА 15 000 ТҮП РАУШАН ГҮЛІ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

Түркістан қаласында инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру бағытындағы ауқымды жұмыстар жоспарға сай жүзеге асып келеді. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы аймақтағы бірнеше маңызды нысандардың құрылыс, көгалдандыру және инженерлік жұмыстарының орындалу барысын аралап, жұмыс қарқынымен танысты.

Қала басшысының назары ең алдымен жаңа қала аумағындағы құрылыс алаңдарындағы құрылыс қалдықтарын толық жою және нысандардың сыртқы қоршауларын ретке келтіру жұмыстарына аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстардың сапасы мен мерзімі қатаң бақылауда болып, жауапты сала өкілдерімен тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілетін болады.

Қаланың көркін ашатын көгалдандыру жұмыстары да қарқынды түрде жүргізілуде. Негізгі магистралды бағыттардың бірі – Саттарханов даңғылы мен Әуежай тас жолы бойында 15 000 түп раушан гүлі отырғызылуда. Бұл қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындар мен қонақтарға жағымды әсер сыйлайды.

Сонымен қатар, Жібек жолы тұрғын үй кешеніне апаратын 26-көшеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жол сапасы, инфрақұрылымдық стандарттардың орындалуы және жұмыс кестесіне сәйкестігі мұқият тексеріліп, тараптардан тиісті ұсыныстар берілді. Бұл көше тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етеді.

Тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы да белсенді түрде жүріп жатыр. 5,2 гектар аумақты қамтитын бұл жобада арендалық және кредиттік үйлерден тұратын 344 пәтер қамтылған. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталған, нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде бітіру бағытында жұмыстар жалғасуда.

Қала басшысының аралау барысындағы маңызды нысандардың бірі – 5000 орындық мешіт. Қазіргі таңда қасбет және мұнара толық дайын, инженерлік жүйелер тартылып, терезелер орнатылған. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 30-дан астам жұмысшы мен 9 техника жұмылдырылған.  Алдагы уакытта мешіт аумагында жасыл желек көлемін арттыру жоспарлануда, бұл оның рухани және эстетикалык маныздылыгын арттыра туседі.

Сонымен катар, Түркістан каласындагы негізгі жолдардын бірі- Айналма жол бойына коршау орнату және Б.Майлин кешесіндегі реконструкциялау жумыстарынын маселесі каралып, тиісті сәулеттік усыныстар зерделенді. Бул жумыстар каладагы козгалысты реттеуге және корінісін жаксартуга ыкпал етеді.

Аралау сонында Әзімбек Пазылбекұлы Өндірістік парк пен арнайы экономикалык аймак аумагында аткарылып жаткан жумыстарды аралап, инфракурылымды ретке келтіру және тазалык денгейін кушейту бойынша бір катар накты тапсырмалар берді. Бул аймактарда 5000 туп агаш отыргызылып, кіші ондірістік 5 гимараттын курылысы мен абаттандыру жумыстары жургізілуде. Бул шаралар каланын экономикалык дамуына серпін бере отырып, жумыс орындарын ашуга да ыкпал етеді.

Жалпы, Түркістан каласында инфракурылымды дамыту мен абаттандыру багытындагы жумыстар кешенді турде жургізілуде. Кала басшысынын белсенді араласуы мен тиісті тапсырмалары жумыстардын сапалы аякталганына және белгіленген мерзімдерге сай жургізілуіне кепілдік береді. Бул жумыстар каланын тургындары мен конактарына жайлы жагдай жасау, онын туристік ахуалын жаксартуга багытталган.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар