ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕТІ ЖЫЛ

2018 жылдың 19 маусымында ҚР Президентінің Түркістан облысын құру туралы Жарлығына қол қойылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Осы тарихи Жарлықтың шыққанына, яғни Түркістан облысының құрылғанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы қысқа уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Тарихи шаһарда жүздеген құрылыс нысандары бой көтеріп, Түркі әлемінің мәдени және туристік астанасы ретінде ажарлана түсті. Облыс орталығы – Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы қабылданған заң өңірдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне жаңа серпін берді.

ӨҢІРЛІК ӨСІМ: ЖӨӨ 2,6 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Экономиканың басты көрсеткіші — жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн.теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 1,7 трлн.теңгені құраған болатын.

Өнеркәсіп өнімі көлемі 2018 жылдан 2,7 есеге артып, 1214,0 млрд. теңгені құрады. 2018 жылы бұл көрсеткіш  438,6 млрд. теңге  болған. Өсім негізінен металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз жасау, құрылыс өнеркәсібі және мұнай өнімдерін өңдеу салалары өнімдерінің артуы есебінен орын алды.

Облыс аумағында белсенді 405 кәсіпорын жұмыс жасайды. Онда 35 942 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 51,6 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде, 1600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2018-2024 жылдары өңірде жалпы құны 56 млрд.теңгеге 37 жоба іске асырылып, 2 500 жаңа жұмыс орны құрылды.

Ал 2025-2031 жылдары өңірде жалпы құны 629,4 млрд.теңгеге 12 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, 3916 жаңа жұмыс орны құрылады.

«ҚазАтомпром» Ұлттық компаниясы уран өндіруші компаниялардың сұранысына сәйкес Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлауда.

Жобаның инвестициялық құны — 100 млрд. теңге. Зауыт 250 жаңа жұмыс орнын ашуға мүкіндік береді.

 ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ ҮШІН ӨТЕ ТИІМДІ АЙМАҚ

Түркістан облысында өндіріс өркендеп келеді. Өңірде өндіріс саласына инвестиция тарту мен заманауи кәсіпорындарды іске қосуға басымдық берілген. Аумақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында алдағы уақытта бірқатар маңызды ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканың дамуына тың серпін береді.

Қазіргі таңда Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ.

Инвестиция тарту – экономиканың маңызды бағыты. Облыс экономикасына тартылған инвестиция 7 жылда 4,2 есеге артып, 1335,0 млрд. теңгені құрады (2018 ж. 314,1 млрд.тг). Биыл жыл басынан тартылған инвестиция 387,8 млрд. теңгені құрады (оның ішінде 199,3 млрд. тг. – жеке инвестиция, 128,7 млрд.тг – бюджеттік инвестиция).

Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд. 144,2 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар (467 млн. АҚШ доллар) 245,0%-ға артығымен орындалды.

Туризм саласына 7 жылда жалпы 442,6 млрд. теңге инвестиция тартылды (жұмыс орындары 18,1 мың адам).

Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 7 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты (2018 ж. 548,7 млрд.теңге). Жалпы өндірілген өнім көлемі бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.

Агроөнеркәсіп кешеніне 7 жылда жалпы 700 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Түркістан қаласында 100 мың адамға лайықталған инфрақұрылым тартылып, тұрғын үйлер салынды. Әлеуметтік-спорттық-мәдени нысандар бой көтерді. Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, арнайы Заң қабылданды. Бүгінде Түркістан шаһары – Орталық Азиядағы ең сәулетті қалалардың біріне айналып келеді. Ал Түркістан облысында инфрақұрылым жақсарып, ауылдар даму үстінде. Түркістан өңірін дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар