ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА СУАРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫНДЫ

Отырар ауданында алдағы суару маусымына дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Аудан әкімінің тапсырмасымен жұмыстар қатаң қадағалануда.

Әкімдік пен «Қазсушар» Түркістан филиалы келісімі аясында 62,7 шақырымдық 18 канал механикалық тазаланып жатыр (57% орындалды).

Суды тиімді пайдалану мақсатында Ақтөбедегі «Ақарық» каналы (3,4 км) толық бетондалды. Қоғамдағы «Серібек» каналында (5 км) бетондау жұмыстары жүруде, ал «Алтынбеков» каналының 10,7 шақырымдық бөлігін бетонмен қаптау басталады.

Бұл шаралар егістіктерді сумен қамтамасыз етуге, су ресурстарын тиімді басқаруға және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға бағытталған. Жұмыстар тұрақты қадағалауда болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар