Түркістанда көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту мақсатында қарқынды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде Т.Бокин көшесінде орналасқан 15 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ретке келтіру жұмыстары толық аяқталған. Ал 1 және 2-мөлтек аудандарда ағымдағы жөндеуден өтуі жоспарланған 18 тұрғын үйдің 11-інде жаңғырту жұмыстары аяқталып, қалған 7 үйде ретке келтіру жұмыстары жалғасуда.
Аталған жұмыстар қала келбетін көркейтіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.