ТҰРҒЫН ҮЙ БӨЛУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ: АДАЛ, АШЫҚ, ӘДІЛ

Биыл Шымкентте бюджет есебінен 97 нысан салынуда. Оның ішінде жалпы ауданы 283,5 мың шаршы метр болатын 57 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Оларда 3592 пәтер қарастырылған. Оның ішінде биыл жалпы ауданы 190,9 мың шаршы метр болатын үш үйдің құрылысы аяқталып, 2412 пәтер пайдалануға беріледі.

Пайдалануға берілген тұрғын үй саны 26% -ға өсті

Халықтың тұрақты өсуі байқалатын мегаполисте құрылыс саласы маңызды орын алады. Ол инвестицияларды тартуда және халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Соңғы жылдары Шымкент еліміздегі ең ірі құрылыс алаңдарының біріне айналуда. Қалада құрылыс ауқымының өсуі өнеркәсіп пен шағын және орта бизнестің дамуына мультипликативті әсер етеді. Нәтижесінде құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылы 14%-ға, ал пайдалануға берілген тұрғын үй саны 26% -ға өсті. Құрылыс саласы да қала экономикасына инвестициялар көлемінің 12% -ға өсуіне негізгі үлес қосты.

Халықты қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл мәселеде жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылады. Өткен жылы бюджет есебінен 1514 дайын пәтер сатып алынды: 454 — жұмыс істейтін жастар үшін, 1060-әлеуметтік осал отбасылар үшін. Биыл осындай схема бойынша 1279 пәтер сатып алу жоспарлануда: оның 900 — і жұмыс істейтін жастарға, ал 379-ы осал санаттағы азаматтарға арналған. Сондай-ақ, 2412 пәтерді қамтитын “Бөбек” тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады.

Өзгерістер азаматтар мен жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер етеді?

2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйге қатысты барлық операциялар “Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы” бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылуда. Азаматтар  orken.otbasybank.kz порталында тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде өтініш бере алады және есепке тұра алады. Ол үшін қолданыстағы ЭЦҚ пайдалана отырып, сайтта авторизациядан өту қажет болады.

Мұндай өзгеріс  тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу жүйесін, пәтерлерді бөлу тетіктерін, тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ашықтық пен әділдікті арттыруға бағытталған.

Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың және жаңадан өтініш бергендердің деректері Отбасы банкі басқаратын “Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы” атты жаңа электронды жүйеге көшіріледі.

Жаңа жүйенің ерекшеліктері:

  • Азаматтардың атында жылжымайтын мүліктің бар-жоғын автоматты түрде тексереді;
  • Отбасының әлеуметтік жағдайы мен мәртебесін бағалайды;
  • Тізім автоматты түрде жасалып, адами фактор мен сыбайлас жемқорлық ықтималдығын болдырмайды;
  • Тұрғын үйді әділ бөлу үдерісін ұйымдастырады.

Тұрғын үй бөлуді цифрландыру

Тұрғын үйді бөлу жүйесі цифрландырылады – пәтерлерді бөлу әділеттілік алгоритмдері арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады.

Бұл:

* адам факторы мен субъективизмді жоққа шығару;

* жүйеге деген сенімділікті арттыру;

* шынымен мұқтаждардың басымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа модель кезектегі жылдар санын, жеңілдіктер санатын, отбасы құрамын және басқа факторларды ескере отырып, рейтингтік жүйеге негізделген.

 P.S. 2025 жылғы мамырдан бастап Қазақстандағы тұрғын үй саясатын реформалау – бұл неғұрлым ашық, цифрлық және Азаматтарға бағдарланған жүйеге жасалған қадам. Инновациялар әлеуметтік осал санаттар үшін тұрғын үйге қол жеткізуді едәуір жеңілдетеді, ипотекалық несие шарттарын жақсартады және тұрғын үйді бөлуді әділ және ашық етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар