ТӘУЛІГІНЕ 10 ТОННА СҮТ ӨНДІРУДЕ

Сарыағаш – Түркістан облысының экономикалық әлеуетiн нығайтуға, аграрлы аймақ ретiнде өңiрдiң ғана емес, ел бюджетiнiң қалыптасуына үлес қосып келе жатқан аудандардың бiрi.

Ауданда Жібек Жолы ауылдық округіне қарасты Диханбаба елді мекенінде тәулігіне 10 тонна сүт өнімін өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. «Jemisti Food» ЖШС сүт өнімдерін қайта өңдеп, ұлттық тағамдар – сары май мен құрт өндіруді қолға алған.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев кәсіпорынның жұмысымен танысу үшін арнайы барып, ұжымның еңбегіне оң бағасын берді. Сондай-ақ, жергілікті өндірістің дамуы аудан экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

Цех заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Бұл өндіріс процесінің тиімділігі мен өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының тұрғындарынан жиналған 4 тонна сүтті өңдеп, дайын өнімді нарыққа шығаруда.

«Jemisti Food» ЖШС-і жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға да айрықша мән беруде. Кәсіпорында 7 адам тұрақты түрде жұмыс істейді.Қызметкерлердің орташа жалақысы – 180 000 теңге.

Жалпы, ауылдарды кешенді дамыту – маңызды мәселелердің бірі. Үкімет ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен. Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуге бағытталған. Оның аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Бұл ауылдық аумақтарда әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту ғана емес, агроөнеркәсіптік кешен құрып, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар