Сарыағаш ауданында кәсіпкерлік қарқынды дамып, шағын өндіріс орындары ашылып, өңір экономикасының дамуына өзіндік пайдасын тигізіп жатыр. Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Bah-Asmar» ЖШС-ң бір реттік ыдыс-аяқ шығаратын өндірістік цехына арнайы барып, жұмысымен танысты.
Аталған цехта тәулігіне 100 мың дана өнім шығарылады. Мұнда, 55 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Арман Айдарұлы өндіріс орнында қолданылып жатқан заманауи технологиялар мен өнім сапасына назар аударды. Сұхбаттасу барысында цехтың директоры Ерлан Исаев аудан басшысына алдағы жоспарларын баяндады.
Аудан басшысы өз сөзінде «Кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі. Жергілікті өндірісті қолдау арқылы біз тұрғындарды жұмыспен қамтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ете аламыз» деп атап өтті. Кәсіпорында бір реттік пластик және қағаз ыдыс-аяқтар шығарылып, жергілікті және аймақтық нарыққа жеткізілуде.