ТӨЛЕБИ: ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС АРҚЫЛЫ 14 405 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың 5 айында 53,1 млрд.теңгеге жетті. Оның 57,2 пайызы – өнеркәсіп, 21,9 пайызы – ауыл шаруашылығы, 18,7 пайызы –  сауда-саттық,  2,2 пайызы құрылыс саласына тиеселі.

Жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі 435 мың теңгеге жетіп, өсім 30,6 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,1 млрд.теңгеге жетті. Ал, өнеркәсіп саласына жалпы құны 6,5 млрд.теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны  іске асыру және 180 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2025 жылдың 5 айында 10 831 жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 820 субъектіге өсті. Нәтижесінде, 14 405 адам жұмыспен қамтылды. Биылғы 5 айында 41,3 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар