Шымкент қаласы Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға аудан әкімдігі мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындардан құралған 150-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника тартылды.
Акция барысында 5 ауланың шөбі орылып, 14 текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пен күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, санитарлық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Қаратау ауданы әкімдігі алдағы уақытта да осындай экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады.