Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-тур ойындары өтті. Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы Қарағандының «Шахтер» футболшыларын қабылдады. 7 мың жанкүйер жиналып, стадион толық толды. Тартысты бәсекені Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тамашалап, футболшыларға қолдау көрсетті. Турнир кестесінде 11-орында тұрған «Тұран» командасы өз алаңында 13-орында тұрған қарағандылық қарсыласын толассыз шабуылдармен қарсы алды.
Алғашқы минуттан өткір шабуылдар ұйымдастырып, ойын тізгінін қолға алды. Сондай шабуылдардың бірі жемісін беріп, ойынның 26-минутында Иван Хомуха есеп ашты. Осылайша, бірінші тайм алаң иелерінің пайдасына шешілді.