ТЖД: 155 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА ЖЕКЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подколковнигі  Нұрболат Педен  Шымкент қаласының  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте 2024-2025 жылғы жылыту маусымы барысында халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген жұмыстар туралы мәлімдеді.

Өрттің алдын алу, газдан улану жағдайларын болдырмау және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында мамандар 52 043 тұрғын үйді аралап, 155 мыңнан астам тұрғынға жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Департамент ақпараттық жұмысты да күшейтті. Жылыту маусымының басынан бастап әлеуметтік желілерде – 321, ал бұқаралық ақпарат құралдарында 763 материал жарық көрген. Қаланың әрбір шағынауданында 1090 рет дауыс зорайтқышпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қауіптің алдын алуға бағытталған нақты іс-шаралар да назардан тыс қалған жоқ. Әлеуметтік осал топтарға басымдық беріліп, 2222 отбасыға жадынама парақшалары таратылды. Сонымен қатар, табиғи газбен жабдықталмаған 22 жатақхананы аралап, қауіпсіздік шараларын түсіндірген. Қатты отынмен жылытылатын 13 мыңнан астам тұрғын үйдің тұрғындармен жеке әңгімелер жүргізілді.

Маңызды бастамалардың бірі — 150 үйге газ анықтағыш құрылғылар орнату, ал 220 үйдің мұржасын тазарту жұмыстарының жүргізілуі. Бұл — улану мен өрт қаупінің алдын алудағы нақты әрі нәтижелі қадамдар. Сондай-ақ, жылыту маусымында уланудың алдын алу бойынша тұрғындардың телефон нөмірлеріне аптасына бір рет SMS-хабарламалар жіберіліп отырды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар