ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Шардара ауданында Қоссейіт ауылдық округіндегі «Сырдария» мектебінің 2005 жылғы түлектері (1988 жылы туғандар) өздерінің 20 жылдық кездесу аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Олар ауыл тұрғыны Бақтыбай Құрбановқа үш бөлмелі үйді сыйға тартты.

Сауапты әрі салтанатты шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков арнайы қатысып, баспаналы болған отбасыны құттықтап, игі іске мұрындық болған түлектерге аудан әкімінің алғысын жеткізді.

Салтанатты іс-шара барысында Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар мен ауыл биі Бауыржан Төлегенов та жүрекжарды лебіздерін білдіріп, түлектерге ақ баталарын берді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар