ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КІТАПХАНАСЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘДЕБИЕТТЕРІМЕН ТОЛЫҚТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінің кітапхана қоры түркі халықтарының әдебиеттерімен толықты.

Бұл бастама Түркістандағы Түркітілдес халықтар кітапханасы мен әскери бөлім арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде қолға алынған. Әріптестіктің негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың түрлі халықтардың әдеби және мәдени мұрасымен танысуына мүмкіндік жасау.

5574 әскери бөлімінде еліміздің әр өңірінен шақырылған, түрлі этнос өкілдерінен құралған сарбаздар әскери борышын өтейді. Осыны ескере отырып, кітапхана қорын сарбаздардың ана тіліндегі, сондай-ақ өз халқының тарихы мен мәдениетін танытатын әдебиеттермен толықтыруға басымдық беріліп отыр. Қорға өзбек, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, әзербайжан, татар және басқа да түркі халықтарының тілдеріндегі кітаптар енгізілуде.

Жаңа кітаптар сарбаздардың өз халқының тарихы мен рухани мұрасын тереңірек тануына жол ашады. Сонымен бірге өзге ұлттардың әдебиетімен танысу олардың мәдениеті мен салт-дәстүріне деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған «BOOKGUARD» әдеби челленджі алғаш рет осы 5574 әскери бөлімінде басталған. Жыл басынан бері аталған бастамаға Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінің қызметшілері қатысып, төрт мыңнан астам кітап оқыған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар